Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

  • 2
  • 24.11.2026, 18:03

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Ол бұл ведомствоны 2025 жылдың ақпанынан бері басқарып келген еді. Енді экс-министр қайда кетті?

Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» компаниясына қайта оралды. Нақтырақ айтқанда, басшысы болды. Бұндай шешімді «Самұрық-Қазына» қорының басқармасы қабылдаған.

Ұлттық компания ұжымына жаңа төрағаны Премьер-министр Олжас Бектенов таныстырып, негізгі міндеттерді айқындап берді. Басым бағыттар қатарында көлік-логистика әлеуетін одан әрі кеңейту, транзиттік тасымал көлемін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және компания қызметінің тиімділігін жақсарту міндеттері қойылды.

Айта кету керек, Ерсайын Нағаспаев 2021-2025 жылдары аралығында «Қазақстан темір жолында» түрлі лауазымдарда қызмет еткен.