Астананың арқа төсіне көшкеніне 23 жыл
Осыдан 23 жыл бұрын ел астанасы Алматыдан Ақмолаға, бүгінгі Нұр-Сұлтанға ресми түрде қоныс аударды. Елорданы ауыстыру туралы тарихи шешім Қазақстанның қайта түлеуіне серпін беріп, үлкен өзгерістерге жол ашты. Елорданың жаңа тарихы – тәуелсіздік тарихы, мемлекеттілік тарихы, ұлттық тарих.
1994 жыл. Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің жалпы отырысы. Қысылтаяң уақытта Нұрсұлтан Назарбаев астананы көшіруді ұсынады.
Жаңа елордаға көшуінің 30-дан астам артықшылығын да тізіп береді. Соның ең бастысы, геосаяси себептерден туындаған еді. Бірақ саясаткерлердің некен саяғы ғана қолдау білдірсе, көбі бұл бастамаға үлкен күдікпен қараған болатын.
Махмұд Қасымбек, ҚР Тұңғыш Президент кеңсесінің басшысы:
- Естеріңізде болса, Елбасы Нұр-Сұлтанға көшірудің 32 түрлі себебін айтқан болатын. Шын мәнінде бұл Елбасының 94-ші жылы емес, одан да ертерек ойында жүрген мәселе деп ойлаймын. Себебі өте тыңғылықты дайындалған. 32 себептің қалай шешу керек жолдарына дейін белгілеп қойған екен.
Әу баста болашақ елорда ретінде Ақмоладан бөлек, Қарағанды мен Жезқазған да қарастырылған. Алайда талапқа тоғыз жолдың торабында орналасқан шағын диқаншылар қалашығы ғана сай келеді. Осылайша 1997 жылы қақаған қыстың ортасында қазақ елінің астанасы Арқаның төсіне ауды. Ол кезде «елорда қас қағым уақытта гүлденіп, зәулім ғимараттары алыстан мен мұндалап тұрады» дегенге көпшілік сенбеген еді. Алайда отандық және шетелдің ең үздік деген сәулетшілері астанамыздың жаңа келбетін қалыптастырды.
Серік Рүстембеков, архитектор:
- Сол жағалауға ешкім барғысы келмейді, өйткені ол жақта ешқандай инженерлік инфрақұрылым болмады, соны бастау үшін Елбасы өз бұйрығымен күншығыс жақтан Ақорданың, ресми резиденцияның құрылысы басталды. Содан кейін басқа инвесторлар сол жағалаудың орталық болатынына сенді.
Иә, сарыарқаның төсінде енді ғана еңсесін тіктеп келе жатқан астанаға инвестор тарту ең басты мәселелердің бірі еді. Бұл миссия сол кездері Сыртқы істер министрі болған, қазірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктеледі. Бірақ мәртебелі меймандарды күтіп алу барысында қызықты әрі күрделі оқиғалар көп болған. Бұл туралы Елбасы мен Мемлекет басшысы былай деп естелігімен бөліскен еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- В декабре 1996 года я по поручению Президента привез сюда дипломотический корпус. Эта была степь. Айдала. Бірде бір ағаш жоқ. Бірде бір ғимарат жоқ. Аяз деген сұмдық. И ветер подул, который сдул с головы с американского посла Елизавет Джонс шляпу. И мы все дипломатическим корпусом бегали по степи гонялись за этой шляпой.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- После тех событий, которые он рассказывал, всех этих послов принял Браун. И стали жаловаться так же. И говорит что, у нас крепче морозы. Не только шляпы и человека могут унести. А вы не знаете какие комары здесь летом! Называется он уговоривал их приехать сюда.
Қиын қыстау кезеңде басталған құрылыс әлі тоқтаған жоқ. 23 жыл ішінде елорданың аумағы үш есеге ұлғайып, тұрғын саны 1 млн 200 мыңға жуықтап қалды. 2050 жылға дейін елорда әлемнің жанға жайлы он қаласының қатарына енуі тиіс.
Авторы: Зайнұр Байжігіт