Хабар телеарнасы

Қызылордада террорлық қауіптің «қызыл деңгейі» сақталып отыр

Жалпы аймақта қоғамдық тәртіп қадағалауға алынған. Қазіргі таңда мүліктік шығындарды есептеу және зерделеу бағытында арнайы комиссия құрылды. Қазір ел ішінде бас бұзарлардың әрекеті жөнінде түрлі қаңқу сөздер өріп жүр. Осы ретте коммендатура өкілдері жұртшылықты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Қазіргі таңда өртеніп кеткен техникалар, қала көшелерінен алынып тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Қоғамдық көлік қозғалысы да біртіндеп ретке келуде.