Көкшетауда мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан 15 тұрғын үйдің құрылысы тоқтап тұр
Құрылысшылардың сөзінше, материалдардың бағасы 30-40% өскен. Сондықтан бұрынғы есеп бойынша үй салу тиімсіз. Ал жауапты орган өкілдері болса, жобаларға түзету енгізілген соң, құрылыс қайта жанданатынын жеткізді. Еске сала кетейін, қазір Көкшетау қаласында 9 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр.
Асхат Жұмабеков, мердігер компания өкілі:
-Ең бастысы — материалдың қымбаттауы. Қазір кірпіш те, бетон, цемент бәрі қымбаттап кетті де, өзі қымбаттап кетті. Сондықтан біз реттеуге беріп жатырмыз.
Әлихан Рақымжанов, қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы:
-Ол үйлерде жұмыстың бірқатар бөлігі жасалған. Тек сол түзету енгізу үшін ғана тоқтап тұр. Қазір олардың жобалық-сметалық құжаттары қайта қаралып жатыр. Түзетулер мен толықтырулар мемлекеттік сараптамадан өткен соң құрылыс қайта басталады.