Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ЖОО-ға тегін түсе алады
Бұл оқушы орнының тапшылығын, үш ауысымда оқитын және апатты мектептердің мәселесін толығымен шешеді. Білім саласындағы оң өзгерістер жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:
-Мемлекет басшысы алдыңғы жылғы өзінің Жолдауында кәсіптік-техникалық білім саласында жас ұрпақты осы кәсіптік-техникалық біліммен қамту үшін қосымша гранттар беру бойынша тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың шеңберінде биылдың өзінде қосымша 45 мың грант республикалық бюджеттен беріліп, жалпы гранттардың саны 128 мың грантты құрады, бұл біз үшін шын мәнінде үлкен рекордтық көсрсеткіш болды.