Оралда түнгі клубта жаппай төбелес ұйымдастырған ресейлік азаматтар елден шығарылды
Төбелес 30 қыркүйек күні түнде бейнебақылау камерасына түсіп қалып, полиция төрт адамды ұстаған. Кейін сот жаппай төбелеске қатысы бары анықталған ресейліктерді елден шығару туралы шешім шығарды. Айта кету керек, олардың үшеуі Қазақстанға Саратов облысынан, ал біреуі Уфа қаласынан келген. Барлығына да әкімшілік хаттама толтырылды.
Жанболат Жаншин, БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары:
- Осы төрт азаматқа қатысты қоғамдық орынға ішімдік ішкен, яғни мас күйде шыққаны үшін 440 жəне 434 баптар бойынша əкімшілік іс қозғалды. Сонымен бірге қоғамдық тəртіпті бұзғаны үшін 7 659 теңге көлемінде айыппұл салынды.