Семейде жылудың жыры қайта басталды
Сол жағалаудағы үйлердің 70% жылуға жарымай отыр. Қазір қазандықтар жұмыс істеп тұрғанымен, Төтенше жағдай департаменті мен Қорғаныс министрлігінің 80-ге жуық қызметкері көмірді бункерлерге қолмен тиеуде. Ал өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
-Жағдай толық бақылауда. Өңірдегі қатты аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Сол жағалаудағы аурухананың біріне суып кетпес үшін қосымша жылу құрылғысын қойдырдық. Тұрғын үйлерде де жылу температурасы біршама төмендеді. Бұған түсіністік танытуды сұраймыз.