Синтетикалық есірткі тасымалдаған азаматқа қатысты сот отырысы өтті
Тез байимын деп, басы бәлеге қалды. Синтетикалық есірткі тасымалдағаны үшін 2001 жылғы азаматқа қатысты сот отырысы өтті. «Сот процесінің көрсетіліміне қала жастары да қатыстырылды. Ондағы мақсат: жеңіл жолмен ақша табудың соңы аса ауыр қылмыс екенін түсіндіру», — дейді прокурорлар. Былтыр елорданың 49 тұрғыны 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Оның 24-і синтетикалық есірткіні тығу жолымен таратқан. Ал 132 тұлға есiрткi мен психотроптық заттарды жеке қолданыс үшін сақтаған.
Елдар Нұрмаханов, Астана қаласы Прокуратурасының басқарма басшысы:
- Ағымдағы жылы 34 адам бас бостандығынан айырылған. Олардың орташа жасы 17 мен 25 жасты құрайды. Қазіргі сәтте 11 адамға қатысты іс сотта қаралып жатыр.
Темірлан Кешімбаев, 1-курс студенті:
-Менің бүгінгі соттан түйген ойым, 20-30 мың үшін 11 жыл бостандығынан айрылған жаман ғой. Егер оларға тура сондай заттар ұсынса, бірден 102-ге хабарласып, ұсынып отырғанын айтуы керек.