Қазақтардың саны жалпы халықтың 70,4% жетті
Еліміздегі қазақтардың саны жалпы халықтың 70,4% жетті. Бұрын бұл көрсеткіш 63% болған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша елімізде тұратын қазақтардың саны 13,4 миллион адамға жетті. 2009 жылдағыдан 33,7% өскен. Қазақтардың басым бөлігі Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облысы мен Астана қаласында тұрады. Ал елімізде тұратын жалпы халық саны 20 миллионға жуықтап қалды.
Динара Ешпанова, Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор:
-Бүгінгі таңда халықтың басым бөлігі Алматы секілді урбанизацияланған қалаларда шоғырланған. Алматыда қазақтардың үлесі 60% асады. Алматы тек жастарды ғана емес еңбекке қабілетті адамдарды да қызықтырып отыр. Қазақстан халқы жас. Халықтың орта жасы 32-де. Қазақстандықтардың 34% — 17 жасқа дейінгі балалар. 20% 14 пен 28 аралығындағы жастар.