Өңдеу өнеркәсібінде 126 жаңа жоба іске қосылды
Биыл еліміз Президент Жолдауында жариялаған және халықтың өмірін жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық модельге көшуді бастады.
Мұнай-газ және көмір химиясынан бөлек елімізде машина жасау, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарда да жаңа жобалар іске асырылуда. Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажеттігін Президент те өз Жолдауында айтып, Үкіметке тапсырма берген болатын. Саланың жыл қорытындысы келесі сюжетте.
Экономиканы әртараптандыру туралы көптен бері айтылып келеді. Биыл ол бұрынғыдан да маңызды міндетке айналды. Сонымен 2023 жылы елімізде өңдеу өнеркәсібінде 126 жаңа жоба іске қосылды. Олардың жалпы құны 488 млрд теңге 9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылыпты.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
- Жыл соңына дейін осы жобалардың арқасында құрылған жұмыс орндарының саны 11 мыңға жетеді. Инустриялық аймақтарға жеке тоқталғым келеді. Қарағанды облысында 7 түрлі тұрмыстық техника шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қуаттылғы 2025 жылға қарай 1 ,1 млн дана өнімге жетеді.
Биылғы елеулі жетістіктердің бірі — Qarmet комбинатының Қазақстан меншігіне қайтарылуы. Сарапшылар бұл келісімді еліміз үшін айрықша маңызға ие мега-мәміле деп бағалауда. Меншіктің жаңа иесі кәсіпорынға бірінші кезеңде шамамен 1,3 млрд доллар инвестиция салуға тиіс. Аталмыш қаражат өндіріске заманауи технологияларды енгізуге бағытталады. Яғни қауіпсіздік стандарттары жақсарып өнімділік артады. Айтпақшы елімізде өз зауыттарымыздан шыққан металды тұтыну көрсеткіші артыпты. Биыл алюминидің –17%, қорғасынның – 19, ал мыстың – 1,5% өңделіп түрлі бұйымдар жасалған. Жоспар бойынша 2029 жылы бұл металдары тұтыну 4 есеге дейін артуы керек.
Ал Қостанайда әлемдік өндірушілермен жаңа жобалар жүзеге асырылыпты. Соның арқасында жылына қосымша 25 мың дана автомобиль шығаратын өндірісі іске қосылған. Сондай-ақ қуаттылығы жылына 70 мың автомобильді құрайтын жаңа зауыт салынуда.
Ердәулет Ыбырайұлы