Зейнетақы жинағынан қанша алуға болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2025 жылға арналған жеткілікті шек мөлшерін жария етті. Анықталғандай, көрсеткіш алдыңғы екі жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалған. Шектік көлемі шотта қалуы тиіс ақша. Бүгінде оның мөлшері жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі аралықты көрсетіп отыр. Мәселен, 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл 3 миллион 260 мың теңгеге, 30 жастағы адамдар үшін 4 миллион 580 мың теңгеге, 40 жастағы адамдар үшін 6 миллион 100 мың теңгеге тең. Айта кетейік, жеткілікті шекті есептеу кезінде ең төменгі жалақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі секілді әлеуметтік көрсеткіштер ескеріледі. Ал артық қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу үшін жұмсауға болады. Тіпті сенімгерлік басқаруға беруге де мүмкіндік бар.