Хабар телеарнасы

«Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафетасы басталды

«Тәртіпті өзіңнен баста!». Қаржы мониторингі агенттігі осындай эстафета бастады. Науқанға алғашқылардың бірі болып Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің мыңға тарта студенті қатысты. Агенттік өкілдері білім алушылармен қаржылық пирамиданың айла-тәсілдері мен лудомания жайында кеңінен талқылады. Ұйымдастырушылар: «Мұндағы басты мақсат - қарызсыз қоғамды қалыптастырып, азаматтардың қаржылық сауаттылығын дамыту»,–дейді. Агенттік эстафетаны әрі қарай Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады.

Ерлан Сыдықов, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры:

-Университет тарапынан Қаржы мониторинг агенттігіне біз тағы да ұсыныстар беріп отырмыз. Білікті, сапалы мамандарды әзірлеуді бірлесіп атқаруға болатындығын, сондай-ақ ғылымды пайдалануға болатындығын тағы да ашып айттық.