Үкімет басшысы Олжас Бектенов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект және ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Олжас Бектенов Қазақстан-Америка ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд долларға жетті. Ал биылғы екі айда 487 млн доллар болды. Қазір елде америкалықтардың қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істеп жатыр.