Премьер-министр Олжас Бектенов Ашхабадта ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Биыл Достастыққа Түрікменстан төраға. Отырыс алдында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов үкіметтік делегациялар басшыларын қабылдады. Екіжақты кездесуде Олжас Бектенов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке жылы лебізін жеткізді. Кездесуде сауда-экономика, көлік-транзит, энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларындағы әріптестікке назар аударылды. Биыл қаңтар-наурыз айларында Қазақстан мен Түрікменстанның сауда айналымы 125 млн доллардан асты. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 15 пайыз өсті. Отырыс соңында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.