Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақ елінің құрамасы жалпы командалық есепте алға шықты. Қазір спортшылар еншісінде 24 алтын, 12 күміс, 14 қола медаль бар. Бүгін арқан тартуда жігіттер үшінші алтынды жеңіп алды. Садақ атуда Аяш Қабдолаева мен Әсемгүл Ғалымжанова да үздік нәтиже көрсетті. Қазақ күресінен Ернұр Сүлеймен барлық белдесуін жеңіспен аяқтады.