Мемлекеттер басшылары Душанбеде басталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммиттерінің күн тәртібін талқылады.
Ауғанстан бойынша барлық жаңалықтар
Ауғанстаннан арнайы ұшақпен жеткізілген этникалық қазақтар еліміздің солтүстігіне орналастырылуы мүмкін.
Ақорда резиденциясында он мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
Ауған елінен Ресей азаматтары мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын және Украина азаматтарын Ресей Қорғаныс министрлігі эвакуациялайды.
Ауғанстанда тәліптер 12 адамнан құралған кеңес құрмақ. Кеңестің құрамында тәліптердің беделді өкілдері мен бұрынғы үкіметтің мүшелері болады.
Қорғаныс министрлігі кешкі сағат 17:00-де әскери ұшақ әуежайға сәтті қонғанын хабарлады.
Басқосуда еліміздегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету мәселелері талқыланды.
Орталық Азиядағы экономикалық әлеуетті арттыру кепілінің бірі – аймақтағы тұрақтылық. Авазадағы жиында қозғалған тақырыптардың бірі – Ауғанстандағы жағдай.
Елдің саяси лидері ауысқанымен, Қазақстанның көп бағыттағы ұстанымы өзгерген жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.
Қазақстан Ауған проблемасын үнемі назарда ұстайды. АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадпен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
Қазақстан Ауғанстанға көмекті жалғастырады әрі бұл елдегі тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған жаһандық іс-қимылдарға атсалысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ауғанстан президенттерін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Түйіні шешілмеген түйткілдің бірі – қандастарымыздың азаматтық ала алмай жүргені.
ШЫҰ құрылғаннан бергі 20 жыл ішінде табысты халықаралық ұйымға айналды.
Тәжікстан-Ауғанстан шекарасындағы шиеленіс біртіндеп реттеледі.
Жаңалықтар топтамасының бұл шығарылымында:
- СҚО-да 51 200 дана қосымша вакцина бөлінген
- Атырауда жыл басынан бері 8 мыңға жуық сәбиге қызылшаға қарсы міндетті екпе салынған
- Ауғанстанның Парван провинциясында сайлауалды митинг кезінде жойқын жарылыс болды
- Индонезия студенттері адамдарды іздеп табуға арналған құрылғы ойлап тапты
- Тұрғындардың коммуналдық мекемеге берешегі 150 млн теңгеге жетті