Хабар телеарнасы

Ұос бойынша барлық жаңалықтар

ҰОС ардагеріне көше аты берілді

ҰОС ардагеріне көше аты берілді

Ақмола облысында Жеңістің 70 жылдығына орай, Целиноград ауданы Оразақ ауылындағы бұрынғы Бейбітшілік көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдуәли Тоқбаев есімі берілді.

Ардагерлерге құрмет толастамайды

Ардагерлерге құрмет толастамайды

Көкшетауда Жеңістің 70 жылдығына орай айрықша іс-шара өтті. Қаладағы 55/10 әскери бөліміне Ұлы Отан соғысында шайқасқа қатысқан ақмолалық 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы әскери жалауының көшірмесі салтанатты түрде табыс етілді.

Маңғыстаулық ардагер Фахрузиян Серебриковаға Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай баспана берілді

Маңғыстаулық ардагер Фахрузиян Серебриковаға Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай баспана берілді

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Фахрузиян Серебрикова баспаналы болды. Осыған дейін пәтер жалдап келген кейуананың қуанышында шек жоқ.

ҰОС ардагері Қабду Кәрменовке Мемлекет басшысының құттықтауы жеткізілді

ҰОС ардагері Қабду Кәрменовке Мемлекет басшысының құттықтауы жеткізілді

Қабду Кәрменов Белоруссия, Украина жерлерін азат ету жолындағы шайқасқа қатысқан. «Майданда белгілі бір қызметті еншілеу деген жоқ. Кім жараланып немесе оққа ұшса, соның орынына тұра қалып, жауға шабасың. Ұрыста тұрыс жоқ», -дейді ардагер. 

Асылбек Дәулетов: Біз Отан үшін от кештік

Асылбек Дәулетов: Біз Отан үшін от кештік

Президенттің сыйлығына ие болған қарт сарбаздар қатты қуанып қалды. «Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық еңсемізді бір көтеріп тастады», - дейді олар.