12:10Эфирде: «31 бөлімше» телехикаясы
13:00Әрі қарай: Новости
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Сату бөлімінің бас менеджер, сату және қоғаммен байланыс департаменті

Лауазым сипаттамасы

Құрылымдық бөлімше

Сату және қоғаммен байланыс департаменті

Локация

Нұр-Сұлтан қаласы

Жұмыс тәртібі

5/2

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде жеке талқыланады

Негізгі лауазымдық міндеттері

1)қоғам клиенттерімен ағымдағы жұмысты жүзеге асыру (Қызмет көрсету өнімдерінің құны мәселелері бойынша консультациялар, коммерциялық ұсыныстар дайындау, шарттар жасасу, жарнама материалдарын орналастыру);2) жобалар бойынша ұсыныстар (демеушілік пакеттер) әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыруға, медиа-жоспарлар жасауға, жарнама берушілер үшін коммерциялық сюжеттер орналастыруға өтінімдер қабылдауға міндетті;3) тендерлерге қатысу, барлық қажетті құжаттаманы дайындау, шарттар жасасу және оларды орындау бойынша жұмысты жүргізуге міндетті;4) орындалған жұмыстардың актілерін дұрыс ресімдеуді және оларды Бухгалтерия үшін клиенттерден қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті;5) Мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін тұсаукесер, кәдесый және полиграфиялық өнімдерді, құжаттарды дайындау бойынша жұмысты жүргізуге міндетті;6) медиа нарыққа талдау жүргізу (бәсекелестер, жарнамаға жұмсалатын шығындар көлемі және т. б.);7) көрсетілетін қызметтерге сұраныстың уәждемесін талдауға, әлеуетті клиенттерді (жарнама берушілерді) зерделеуді ұйымдастыруға және қоғамның өнімдерін (қызметтерін) сатуды ұлғайту бойынша акциялардың бағытын айқындауға міндетті;

Тілдерді меңгеру деңгейі

Орыс және қазақ тілдерін жетік дeңгейде

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

"Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес", "Менеджмент, коммуникация"мамандықтар тобы бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Стратегиялық басқару, даму, стратегиялық жоспарлау, тиімділікті басқару, маркетинг, менеджмент саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

Құзыреттер

Компанияның құндылықтарын ұстану және түсіну

Топтық жұмыс және ынтымақтастық

Креативтілік

Бастамашылық

Кәсібилік

Не ұсына аламыз:

- белгіленген тұрақты жалақы (әр айдың 10-на дейін);

- кәсіби өсу;

- оқыту (біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, конференциялар, қазақ тілі мен ағылшын тілі курстары және т. б.);

- жартыжылдық сыйлықақылар (КPI - жылына 2 рет);

- мерекелерге арналған сыйлықақылар (жылына 1-2 рет);

- әлеуметтік қолдау (бір жыл жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына берілетін емдік жәрдемақы (демалыс 30 күнтізбелік күн);

- корпоративтік іс-шаралар (БАҚ қызметкерлері күніне, Агенттік күніне).

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.