Команда

Анель Асқар

Шеф-редактор

1989 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы нөмері белгісіз бір перзетханада дүние есігін ашқан. Ата-анасының тұла бойы тұңғышы, жалғыз қызы, еркесі.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің журналистика факультетін тәмәмдаған. Қосымша заңгер екендігін дәлелдейтін дипломы да бар. Халықаралық 4-ші PR-форумның сертификат иегері. Болашағын тек телевизия саласымен ғана байланыстырады. Мақсаты- теңізге тамған тамшыдай болса да, қазақ журналистикасының дамуына өз үлесін қосу. Еңбек жолы облыстық Қазақстан-Тараз телеарнасынан бастау алып, «Хабар» телеарнасында 5 жыл қызмет атқарды. Бүгінде «Телемастерская «Production House» компаниясында жұмыс істейді. Алдағы уақытта елді елең еткізер, ел аузында жүретін жоба жасайтындығына сенімді.