17:15Эфирде:«Тайна в их глазах» кино
06:00 Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қарулы Күштердің элитасы – әуе десантшылары

Қарулы Күштердің элитасы – әуе десантшылары

Қарулы Күштердің элитасы – әуе десанты.

Көктен түсіп, тұтқиылдан шабуылдайтын жауынгерлер – Жоғарғы Бас қолбасшының резерві. Иықты да білекті жігіттер әуеден түсіп, жүктелген міндетті мінсіз атқарады.

Әуе десантшылары күнделікті осылай дайындықтарын пысықтайды. Мұндай санақ жасаудың себебі адам биіктіктен секіргенде адреналин ойнап, ол үшін уақыт тез сырғиды. Ал үш таңбалы сан сол мезетте бір секундқа теңеледі екен.

Еділ Жақыпов, 68/665 әскери бөлімінің бөлімше командирі:

- Әр секірген сайын адамда қорқыныш үрейі бола береді. Сол қорқынышты жеңу үшін шынығамыз.

Өміріңнің қауіпсіздігі өз қолыңда. Парашютті дұрыс жинай білу аса маңызды. Қателік жасауға болмайды.

Қарулы Күштердің элитасы саналатын әуе десанты әр кезде жаудың тылына түсіріледі. Тұтқиылдан шабуылдайды. Жігіттер берілген тапсырманы бұлжытпай орындауға тәулігіне 24 сағат бойы сақадай сай, қарудың барлық түрін меңгерген.

Риат Шони, тілші:

- Қарулы Күштердің барлығында бар істік күрек. Әдетте окоп қазу мен мина орнатуға арналған. Ал егер де десанттың қолына түссе, бұл қоян-қолтық ұрыста таптырмас қаруға айналады.

Барлаушылар – қоян-қолтық ұрыстың һас шеберлері. Белдескеннің белін үзіп, тірескеннің тізесін сындыратын жігіттер. Негізгі міндет – қарсылас жайлы мәлімет жинау мен оны зерттеу. Арасында ән де шырқап, рухты көтеріп тұрады.

Жау көрсе, тайсалмай, арыстанша атылатын ел қорғандары – міне, осы жігіттер. Қарулы Күштердің элитасы – әуе десантшылары.

Авторлары: Риат Шони, Азамат Саметов

Сондай-ақ...