Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттерінде ашық есік күні өтті.
Азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, олардың өтініштері қаралды. Жастарға «Адалдық», «Парасаттылық» тақырыбында лекция оқылып, парақорлық пен жемқорлық мемлекеттің тежеуші факторларының бірі екені айтылды.
Перизат Кірісхан, ҚР СЖҚІҚА Жұртшылықпен байланыс және call-орталығы басқармасының басшысы:
- Жемқорлыққа қарсы күресте ең бастысы, алдын алу шаралары тиімді болып саналады. Жемқорлықтың не екенін түсіндірдік. Сонымен қатар онымен қалай күресу керектігін және егер жемқорлыққа тап болған жағдайда біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүгінуге, сондай-ақ 1424 колл-орталығына қалай хабарласуға болатынын түсіндірдік.