Астана қаласы прокуратурасында ашық есік күні өтті. Елордадағы болашақ заңгерлер аталмыш органның жұмысымен танысты.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында қолға алынған шарада 80-нен астам студент болды. Оларға қаладағы бейнекамералардың жұмысы, заңбұзушылық фактілерінің тіркелуі, алаяқтық әрекеттердің алдын алу амалдары түсіндірілді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша да прокурорлардан ақпарат алды.
Ашық есік форматындағы мұндай шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасын таппақ.
Арайлым Оразова, Астана қаласы прокуратурасының өкілі:
- Ашық есік күнін өткізу арқылы біз жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етуді көздейміз. Сонымен қатар бұл болашақ мамандарға прокуратура қызметінің ішкі мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетуге тамаша мүмкіндік.