Келер жылы құрылыс кезеңдерін толық қамтитын портал іске қосылады. Ол кадастр мен сараптама секілді маңызды бағыттарды бір жерге топтастыратын платформа болады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, мұндай жүйе уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазір ведомство жоспарлау кезеңінен бастап, нысанды пайдалануға беруге дейінгі үздіксіз цифрлық процесс қалыптастыруды көздеп отыр.
Жәннат Дүбірова, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:
-Саланы сандық жүйеге көшіру бірқатар мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде жобалық құжаттарды автоматты түрде тексеретін құрал жұмыс істеп тұр. Ол бас жоспардағы деректерді өздігінен қарап, құжаттың кемшін тұстарын анықтайды. Міне, осындай цифрлық шешімдердің нәтижесінде бір жобаны тексеру уақыты 16 сағаттан 9 сағатқа қысқарды.