Өйткені өндіріс көп шоғырланған Өскемен үшін бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан партия өкілдерімен кездесуге экололгия мәселесін көтеріп жүрген қоғамдық ұйым мүшелері келді. Өңірдегі экоахуалды жақсарту үшін атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. Бұдан соң «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» компаниясы ұжымымен кездесті. Қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:
- Мысалы, қазір 25–30 центнер алса, оның ішінен қарап отырмыз – 52 пайызы таза май. Бізде май дақылдары бойынша экспортқа әлемде сұраныс көп. Өзбекстанға, Қытайға және көптеген мемлекеттерге осы майды Қазақстан жіберіп жатыр. Жыл сайын Қазақстанда май дақылдарының алаңы көбейіп жатыр.