«Ақ жол» демократиялық партиясы өкілдері Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «ANSAR FOODS» еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, кәсіпкерлер мен еңбек адамдарына қатысты бастамалар талқыланды.
Кездесу барысында отандық өндірісті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға бағытталған ұсыныстар айтылып, қатысушылар саланы дамытуға қатысты пікір алмасты.
Қазыбек Иса, «Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Макарон шығатын зауыт мысалы, 50-ге жуық жұмысшысы бар екен. Одан кейін айына 140 тоннаға дейін өнім шығарады екен. Олардың мәселесі – салықты төмендету. Сондықтан осы бағытта жұмыстарыңызды жалғастырсаңыздар деген секілді өздерінің ойларын айтты.