Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылдарының халқы мейірі қанып, мөлдір су ішетін болды.
Екі мыңға жуық тұрғыны бар елді мекендерге таза ауызсу «Тышқантай» су көзінен тартылды. Құрылысқа 2 млрд 200 млн тг жұмсалған. Қажетті қаржының 80% арнайы қордан, яғни мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен бөлінді.
Жоба аясында 4 ұңғыма қазылып, 63 шақырым магистральды құбыр, 30 шақырым ауылішілік құбыр жүргізілді. Қазір таза су барлық үйге кіргізілді. Осылайша, Қаратөбе ауданы сапалы ауызсумен толықтай қамтылып отыр.
Мүкарама Сахипова, Сәуле ауылының тұрғыны:
- Бізге ауылымызға су келіп жатыр. Өте қуаныштымыз. Бұрында 15 шақырым жерден су таситын едік. Біз судың қадірін жақсы білеміз.Себебі құдықтағы суымыз ащы, оны мал ғана ішетін еді.Үкіметімізге көп рақмет!