Жаңа Конституция. Ол қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға, мемлекеттік басқару, соның ішінде жергілікті басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Соның бірқатары қазір іске асырылып, нәтижесін ел көре бастады. Мәселен, Астанада сәулет және инфрақұрылым салаларын реттеу жұмысы күшейтілді. Бұл – бір емес, бірнеше мәселені түбегейлі шешуге бағытталған жұмыстардың бастамасы.
Жол қозғалысын ұйымдастыру. Осы міндетті орындау үшін бас қалада арнайы орталық құрылған. Мамандар кептеліс мәселесін шешу, қала ішінде еркін қозғалу, жол белгілерін орнату, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру бағытында жұмыс атқаруда. Биыл 5-маусымда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» жаңа Конституциялық заң қабылданды. Құжаттың бір бағыты – қаланың инфрақұрылымын дамыту.
Руслан Абдуалиев, «Астана қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС көлік жөніндегі бас директордың орынбасары:
- Көлік жылдамдығын төмендету, жаяу жүргіншілер өткелдерін ұйымдастыруды жетілдіру, көліктердің аялдауы мен тұраққа қойылуын реттеу, қауіпті маневрлерге жол бермеу және білім беру ұйымдарының маңындағы қозғалыс жағдайларын жақсарту шаралары көзделген. Сонымен қатар қазіргі уақытта Астана қаласындағы тағы 10 мектептің маңында жол қозғалысын ұйымдастыру схемалары әзірленді.
Орталық мамандары қаланың түрлі учаскелерінде жол қозғалысын жетілдіруге арналған 100-ден астам схема әзірлепті. Бәрі қала тұрмысын жақсартуға арналған. Сондай-ақ жақында ғана Астанада жаңа дизайн-код ресми түрде күшіне енді. Мақсат – бірыңғай қалалық стиль мен қолжетімді орта қалыптастыру. Бірінші кезекте маңдайшалар реттелуде.
Нұрқожа Бауыржанұлы, Урбанистика орталығының аға урбанисі:
-Олардың түстері, орналасуы болсын, бәрі бір-біріне жарасып, әдемі болып тұруы керек. Соны да дизайн-код қадағалайды. Ол бізде ғана бар нәрсе емес, әлемнің дамыған қалаларында бар. Жай ғана көшедегі белгіге қарап, біз қай қалада тұрғанымыз белгілі болады.
Мамандар бүгінге дейін көлемі, түсі, қарпі бойынша талапқа сай келмейтін 4 мыңға жуық маңдайшаны алып тастапты. Ережеде салқындатқыштарды бекітуге, көшедегі шағын сауда нүктелерін орналастыруға қатысты талаптар да бар. Мұның бәрі қалалық стиль мен қолжетімді орта қалыптастыру үшін жасалуда.
Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Самат Сүлейменов