Енді әлеуметтік көмек шын мұқтаж жанға беріледі. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері толықтай қамтылған. Әсіресе инфляцияны тежеу, төменгі жалақы мөлшерін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мен инклюзивті білім беруді дамыту бастамалары азаматтардың көңілінен шығып отыр.
Қуат Бораш, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры:
– Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. 16,5 трлн теңгенің инфрақұрылымдарды салуға, халықтық құрылыс салуға 2029 жылдың соңына дейін белгіленуі – бұл бұрын-сонды болмаған үлкен шара.