Жетісу облысында кәсіпорындар жыл басынан бері 363 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға Талдықорғандағы аккумулятор зауыты да үлес қосып отыр. Өндіріс орнында жылына 3,5 млн көліктік батарея шығарылып, алыс-жақын шетелге экспортталады.
Мыңнан аса адам жұмыс істейтін ұжымда Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. Жиналғандар Жолдауда бизнеске қатысты өзекті мәселелер көтерілгенін атап өтті. Осы орайда Құрылтай депутаты мен Халық Кеңесінің өкіліне өз ұсыныстарын білдірді.
Бақытгүл Күдеринова, зауытының қаржы директоры:
– Жолдауда бизнеске кедергі келтірмеу және Салық кодексіне өзгеріс енгізу туралы айтылғаны бізді ерекше қызықтырды. Себебі 2026 жыл кәсіпорынымыз үшін оңай болған жоқ. Жаңа өзгерістер тұрақты түрде жұмыс істеп, отандық өндірісті дамытуға серпін береді деп ойлаймын.
Наурыз Сайлаубай, ҚР Құрылтайының депутаты:
– Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында салық саясатын жетілдіру және қайта қарау қажеттігін атап өтті. Осы бағытта Құрылтай аясында алдағы уақытта қызу жұмыс жүргізіледі деп үміттенеміз. Мұнда айтылған ұсыныстар мен пікірлерді тиісті жерге жеткізетін боламыз.