Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жетісу облысында азаматтық қоғам өкілдері жолдауды талқылады

  • 7
  • 04.11.2026, 18:04

Жетісу облысында биыл ел бірлігін бекемдеуге бағытталған 245 шара өткізілді. Өңірде 18 этномәдени бірлестік пен аналар және ақсақалдар ұйымы жұмыс істейді.

Азаматтық қоғам өкілдері Құрылтай депутаттарымен, Халық Кеңесі және Үкімет мүшелерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады. Жиында сөз алғандар «Халықтық құрылыс» бастамасы да көпшіліктің тұрмыс-тіршілігін жақсартуға ықпал ететінін жеткізді. Аграрлы аймақтың тұрғындары ауыл шаруашылығына енгізілгелі жатқан жаңашылдықтардан да хабардар болды.

Назгүл Хатепова, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

– Мемлекет басшысы саланы цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бұл мәселе бойынша ауыл шаруашылығы тарапынан бірнеше жұмыстар жасалып жатыр. Өсімдік, мал шаруашылығы, ветеринария саласы бойынша цифрландыру тетіктері жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламаны жүзеге асырғанның арқасында өзіміздің өндірген өнімнің толық циклын қадағалайтын боламыз.