Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қызылорда облысында 12 көпір жаңғыртылып жатыр

  • 7
  • 04.11.2026, 18:22

Қызылорда облысында 12 көпір жаңғыртылып, 168 шақырым жол жөнделіп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін облыс аумағындағы сапалы жолдардың үлесі 95,5 пайыз болады. Президент халыққа биылғы Жолдауында барлық өңірде инфрақұрылымды дамыту қажеттігін айтқан еді.

Қызылорданың ортасын теміржол бөліп жатыр. Халықтың 30 пайызы шойын жолдың арғы бетінде тұрады. Ортада екі өткел бар. Соңғы жылдары қалада көлік көбейді. Салдарынан жолдарда кептеліс жиілеп, тұрғындарға қолайсыздық тудырды.

Ғабдул Қиымов, қала тұрғыны:

– Азанғы уақытта өте кептелістің болғанын көп байқаймыз. Темір жолдың астынан өтетін өткелді пайдалануға берсе екен деген өзіміздің ұсынысымыз бар.

Жол қозғалысын жеңілдету үшін Жанқожа батыр көшесінде теміржол астынан өтетін жаңа өткел салынып жатыр. Қазір құрылыстың 70 пайызы аяқталды. Сонымен бірге Сырдария өзені арқылы сол жағалауға өтетін жаңа көпірдің құрылысы жүруде. Халқы 27 мыңнан асқан бұл аудан қарқынды дамып жатыр. Мұнда 145 көпқабатты үй, 21 әлеуметтік және 14 бизнес нысаны салынды. Тағы 50 нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Нейля Дүйсебекова, қала тұрғыны:

– Екінші көпірдің салынуы Тоқтыбаев көшесінің тұсындағы сол жағалаумен қаланың оң жақ бетін байланыстыратын өте тиімді жағдай. Осы көпірдің түсуі, сол көпірдің тезірек бітуі жалпы халықтың мүмкіншілігін арттырып, жақсы жағдайлардың жасалуына әкеліп соғады деп есептеймін.

Облыста 3525 шақырымнан астам автомобиль жолы бар. Биыл оның 168 шақырымы және бірқатар көше мен көпірлер жөнделуде.

Жәнібек Сыздықов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– 53 миллиард 800 миллион қаржы бөлініп, оған 168 шақырым автомобиль жолдар, тағы да 12 көпірдің құрылысы және қайта жаңғырту күрделі жөндеу жұмыстары кіргізілуде. Жылдың қорытындысымен жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 95,5%-ға жеткізу көзделуде.

Соңғы 4 жылда Сыр өңірінде 1 700 шақырым автожол мен 35 көпір салынды. Нәтижесінде сапалы жолдардың үлесі 82-ден 95 пайызға жетті.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев