Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

ШҚО-да құтқару техникасын қысқа дайындау жұмыстары жүріп жатыр

  • 4
  • 04.11.2026, 18:23

Шығыс Қазақстан облысында құтқару техникаларын қысқа дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Осы күнге дейін 100-ден астам арнайы машинаның техникалық жағдайы тексерілген. Ал тактикалық оқу-жаттығу жиынында мыңға жуық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерінің кәсіби дайындығы пысықталады.

Еліміздің шығыс бөлігінде қыс мезгілінде көшкін қаупі күшейеді. Таулы жолдарды қар басуы әдеттегі құбылыс. Биылғы жылдың қаңтар айынан бері өңірде ауа райының бұзылуынан 160 рет жолдар жабылды. 200-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды. 

Евгений Егоров, ТЖД Жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары:

– Бізде қарда жүретін көліктер де бар. Оларды жол талғамайтын «Трэкол» және «Шерп» көліктерінің тіркемесіне тиеп, шалғай аймақтарға жылдам жете аламыз. Азаматтарға айтарым: тосын жағдайға тап болмас үшін алыс жолға шығар алдында 112 қызметінің ескертулеріне назар аударыңыздар.