ТОП бейне

«Хабар» арнасы Наурыз мерекесіне орай тосынсый әзірлеп отыр

«Хабар» арнасы Наурыз мерекесіне орай тосынсый әзірлеп отыр

Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Жеңіс Сейдуллаұлы, Мәдина Сәдуақасова, Тамар Асар, Төреғали Төреәлі, Мөлдір Әуелбекова, Алтынай Жорабаева, Қарақат пен Ербол Шәріпов бастаған 200 әртіс «Қазақстан» орталық концерт залында мерекелік бағдарлама ұсынады.

Концерттің телевизиялық нұсқасын «Хабар» арнасынан 22 наурызда көре аласыздар.

Алмас Алтынбеков, «Қазақстан» ОКЗ директорының орынбасары:

- Бұл концертте біз қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ойындарын барынша кең ауқымда ашып, ән, би өнерімен біріктіріп, жақсы ұсынуға, мағынасын ашып, көрсетуге тырыстық. Енді бағасын халық береді.