×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

«Тәуелсіздік дәуірі»: Демографиялық өсім кезінде балабақша санын арттыру ерекше күш-жігерді қажет етті

«Тәуелсіздік дәуірі»: Демографиялық өсім кезінде балабақша санын арттыру ерекше күш-жігерді қажет етті

Ел егемендігін енді алған тұста мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі өте қатты білінді. 2000 жылдардың басында ғана мектепке дейінгі тәрбиелеу орындары қайта еңсе көтере бастады. Балалармен жұмыс істеудің жаңа формасы – дамыту орталықтары ашылып, балабақшалардың саны өсті. Бұл туралы Президент «Тәуелсіздік дәуірі» атты туындысында былай жазған:

«Ең алдымен балабақшалар мен бөбекжайлардың инфрақұрылымын жақсартып, орын тапшылығын бірте-бірте жою арқылы мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің қолжетімдігін арттыра алдық. 1990 жылдары жекешеленіп кеткен ғимараттарды қайтарып алу да сондай шаралардың бірі болды. Осының нәтижесінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мен қамтуда алдыңғы орынға шықты...

...Демографиялық өсім жағдайында мемлекеттің ерекше күш-жігері қажет еді. 2010 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан халқына Жолдауымда мен «Балапан» бағдарламасы жайлы жария еттім. Бұл алға жасалған маңызды қадам еді: 2011 жылдың өзінде мектепке дейінгі мекемелер желісі 500 жаңа ұйымға дейін артты».

Last modified on