Қоғам

Саяси партия өкілдері Елбасы Жолдауын талқылады

Саяси партия өкілдері Елбасы Жолдауын талқылады

Бүгін сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі саяси партия және қоғамдық ұйым өкілдері мен депутаттардың басын қосып, Елбасы Жолдауын талқылады.

Жиынға қатысқандар Жолдау әрбір қазақстандыққа, оның өміріне, денсаулығына, әл-ауқатына деген Елбасының нақты қамқорлығын айқын көрсетіп отырған құжат екенін айтты. Бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып отырған Елбасының биылғы Жолдауын осыған дейінгі мемлекеттік, саяси, әлеуметтік, экономикалық және рухани жаңғыртуға бағытталған аса үлкен бастамалардың заңды жалғасы деді. «Сондықтан ендігі мақсат Жолдаудың әрбір бастамасын, мазмұнын барша қазақстандыққа жеткізуіміз керек», – деп тарқасты.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасымыздың биылғы Жолдауын мен осыған дейінгі мемлекетті саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртуға бағытталған аса үлкен бастамалардың заңды жалғасы деп есептеймін. Бұл жолғы Жолдау әрбір қазақстандыққа, оның өміріне, денсаулығына, оның әл-ауқатына деген Елбасының нақты қамқорлығын айқын көрсетіп отыр. Сондықтан сіздер мен біздің ендігі жердегі мақсатымыз осы Жолдаудың әрбір бастамасын, жақсылығын барша қазақстандыққа жеткізу деп есептеймін.

Last modified on