×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Астананың «Есіл» ауданында 65 аялдама салынады

Астананың «Есіл» ауданында 65 аялдама салынады weproject.kz

«Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесу барысында аудан халқы қоғамдық көлік пен аялдамалардың жетіспеушілігі туралы айтты.

Триумфалды қақпа жақта тұратын тұрғын әйел жаңа аялдама орнатып, мектеп оқушыларының оқу орнына және спорт кешендеріне алаңсыз қатынауын шешіп беруін өтінді. 

Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселенің өзекті екенін алға тарта келе, осы жылы 65 аялдама кешенін орнатуды жоспарлап отырғандарын хабарлады. 

Әкімнің мәліметінше, өткен жылы 84 жаңа автобус пайдалануға босатылған, алдағы уақытта тағы да 170 қоғамдық көлік босату жоспарлануда. Тұрғындардың бірнеше мәрте шағымдануына байланысты № 47, 54, 100, 107, 301 жаңа маршруттар қосылды. № 12 бағдардың жүрісіне өзгерістер енгізілді.  «Есіл» ауданында 270 аялдама бар, қосымша 65 орнатылмақ.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Last modified on