×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Теміртауда аяздан қатып қалған құбырлар қалыпқа келтірілді

Теміртауда аяздан қатып қалған құбырлар қалыпқа келтірілді

Теміртау қаласында жағдай тұрақталып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, қатты аяздың салдарынан құрышты қаланың тең жартысы ауызсусыз қалған еді. Қарағандыдан тартылған құбырдың ішіне мұз қатып, ол қалыңдап,  қысым төмендеген. Осының салдарынан ауызсудың ағысы азайып, қаланы тіршілік нәрімен толық қамту мүмкін болмай қалды. Шаһардағы 411 көпқабатты үй мен 8 мектеп және 8 балабақша екі тәулік бойы сусыз отырған.

«Қала билігі тіршілік нәрін тасып бермегендіктен, сатып алуға тура келді», – дейді жергілікті тұрғындар. Қазір коммуналдық қызметтің барлық жұмыскерлері жаппай құбырды қыздырып жатыр. Түске дейін 2, 6, 7 және 8-ші ықшам аудандарға су берілді. Ал кешке дейін қаланың барлығын 100 пайыз қамтимыз деп отыр.

Ғалым Әшімов, Теміртау қаласының әкімі:

– Таңертең суды бердік. Ықшам аудандардың бәріне су жетті. Үлкен-үлкен этаждардың бәріне су жетті. Судың мөлшерін ұлғайтып жатырмыз. Иртыш каналдан 400 кубтан келіп тұрған 2-3 күн бойы. Қазір оны 700 кубқа дейін көбейттік, түстен кейін 800-ге апарсақ, ол уже бізге жеткілікті.  

 

Last modified on