×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

СҚО-да бензин бағасы тағы қымбаттады

СҚО-да бензин бағасы тағы қымбаттады

Ең өтімді саналатын АИ-92 маркалы сұйық отынның құны аймақта 162 теңгеге дейін көтерілген.

Осы уақытқа дейін ол 156 теңгеден саудаланып келген еді. Кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин тек талонмен беріліп жатыр. Алайда сала мамандары өңірде сұйық отынның тапшылығы жоқ екенін айтады. Айтуларынша, отынның қымбаттауына ресейлік мұнай компанияларындағы бағаның өсуі себеп. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысына бүгінде жанар-жағармай түгелдей Уфа зауытынан тасымалданып жатыр. 

Виктор Иванов, қала тұрғыны:

– Баға күн сайын өсіп жатыр. Бұрын 1000 теңгеге әжептәуір бензин құйып алатын едік. Қазір 5-6 литр ғана келеді. Шыны керек, жүріп-тұруымыз қиындап кетті.

Құралай Жарова, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Бүгінгі күні облысымызда 2760 тоннадан астам жанар-жанармай қоры бар. Осы айдың 29-ы күні тағы 1100 тонна бензин жеткізілінеді. Сондықтан бізде сұйық отын тапшылығы болмайды. Ал баға осы деңгейде сақталады.

Last modified on