×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Атырауда дизельді отын қоры жеткілікті

Атырауда дизельді отын қоры жеткілікті

Аймақтар арасында дизельді отынға ең жоғары баға Батыс Қазақстан облысында тіркелді.

Күні бүгін Оралдағы бірқатар май құю қосынында солярканың литрі 219 теңгеден сатылып жатыр. Жанармай нарығын қадағалаушы облыстық энергетика басқармасы мамандарының мәлімдеуінше, қысқы маусымға арналған қымбат отын көрші Ресейден жеткізілген.

Ал Атыраудағы мұнай өңдеу зауытынан әкелінген жазғы солярканың құны 153 теңгеден басталады. Дәл қазір жанармай бекеттерінде кезек жоқ, тапшылық байқалмайды. Өңірде дизельді отын қоры жеткілікті екен.

Қуаныш Шарафутдин, БҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

– Қолда бар ақпараттарға сәйкес, 7 мың тонна бары. Оның 2 мың тоннасы қысқы мерзімге арналған. Ал қалғаны жазғы мерзімге арналған. 40 пайызын Атыраудан аламыз. Ал қалған 60 пайыз дизельді отынды Ресейден аламыз.

Last modified on