×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Хорватияда Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы туралы фильм көрсетілді

Хорватияда Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы туралы фильм көрсетілді inform.kz

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай Хорватияның Загреб қаласында мерекелік шаралар өткізілді.

Загреб қаласының «Кино Грич» кинотеатрында хорват тілінде субтитрмен Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетілімі өтті. Фильмнің көрсетілімін Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Елшілігі мен Қазақстан-Хорватия достық қоғамы бірлесіп ұйымдастырды.

ҚР Елшісі Т.Барлыбаев жиналған хорват халқына фильмде отанға деген сүйіспеншілік пен ата-ананың тәрбиесі, моральдық борыш пен жауапкершілік, болашақ көшбасшының тұлғасын қалыптастыруға негіз болатын күшті ерік-жігер мен тіршілік күші туралы идеялар сипатталғаны туралы айтып кетті.

«Балалық шағымның аспаны» фильмі қонақтарға мол  әсер сыйлады. Сондай-ақ «Қазақстан – Ұлы дала» атты фотокөрме өтіп, кәдесыйлар мен Қазақстан туралы ақпараттық буклеттер таратылды, дипломатиялық қабылдау өтті.

Ақпарат көзі: inform.kz

Last modified on