Оқиға

Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан адамдардың аты-жөні белгілі болды

Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан адамдардың аты-жөні белгілі болды

Алматы маңындағы кеше кешке апатқа ұшыраған АН-28 ұшағында болған бес адамның есімі белгілі болды.

Олар – профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинекологы Патсаев Талғар Әнапиұлы мен профессор, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог-дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлы. Сондай-ақ ұшақ командирі, Қырғызстан азаматы Цой мен екінші ұшқыш, Қазақстан азаматы Кутафин және борттехник Бейшебек Акматбаев екені белгілі болды. Оқиға орнында авиациялық апаттарды тергеу басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Last modified on