Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметі бойынша 28-29 қараша күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысының аумағында ауа райы бұзылып, күшті жел тұрады.
Осы уақытқа дейін қардың қалың түскенін ескерсек, көп жерде бұрқасын болады.
Кей жерде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді.
Сол себепті де құтқарушылар сақтық шараларын күшейтіп, балаларды үйден алысқа жібермеуді ескертеді.