Команда

Сандуғаш Қартаева

Продюсер көмекшісі

Әдетте, өзімді таныстырарда, алдымен есімімнің мағынасын айта жөнелем. Сандуғаш. Ән салып, сайрайтын, ерекше дауысқа ие құс. Әжем де маған осы есімді «сандуғаштай сайрасын» деген ниетпен қойса керек. Ән айтып сайрамасам да, бала кезімнен қалыптасқан сауатты сөз саптауым мен сөйлеу мәдениетім үшін мектеп кезінде оқыған кітаптарыма қарыздармын. «Баланың істеген қылықтарына қарап, болашақта оның кім болатынын болжауға әбден мүмкін» - деуші еді ғой, менің де істерім мен жайлы айтып тұратын. Үй тапсырмаларын дайындарда,  оқыған әңгімелерімнің мазмұнын айнаның алдына қолыма тарақ ұстап (микрофон орнына) айтуым – менің көпшіліктің алдында еркін сөйлеу, камера алдында жұмыс істей білу сияқты қабілеттерімді дамытты деп ойлаймын. Сол себептен болу керек, жастар арасындағы қоғамдағы өзекті мәселелерді тікелей эфирде көтеретін бағдарламаның кастингісінен сүрінбей өтіп, жүргізушілер қатарынан табылғаным. Кейін жастарға арналған, ғаламтор сервистері, әлеуметтік желілер, гаджеттер, айти технология жайлы айтатын бағдарламаның тізгінінде бірнеше жыл бойы болуым менің сол қабілеттерімді шыңдай түсті. Ал, қазіргі таңда «Жаңа күн» бағдарламасындағы жұмысым тәжірибемді кадр сыртында  жұмыс істеу қабілетімен толықтырып отыр..

 «Адам баласы адам баласынан ақылымен, алған білімімен озады»- дейді, дана халқымыз. Өзім үнемі жаңа нәрсе оқып, үйреніп, өзім-өзі дамытып, жетілдіріп жүруді жөн керемін. Сол себептен де, әлі күнге дейін студентпінJ Қаіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униерситеті, журналистика факультетінің 2 –курс докторанты болып табыламын.