ТОП бейне

Зайсандағы шекара заставасына Қасым Қайсеновтің есімі берілді

Зайсандағы шекара заставасына Қасым Қайсеновтің есімі берілді

Зайсандағы шекара заставасының аты өзгертілді. Бұрын Василий Кондюрин атында еді, енді оған Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің есімі берілді. Осыған орай заставада салтанатты шара өтіп, оған шекара қызметінің ардагерлері, батырдың ұлдары мен туыстары қатысты. Заставаның атын өзгерту мәселесі алғаш рет Халық қаһарманының 100 жылдығында көтерілген болатын.

Көбеген Қайсенов, Қасым Қайсеновтің туысы:

- Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бүгінгі оқиғаның маңызы өте зор. Себебі заставаға осындай даңқты ерлердің есімін берген кезде сарбаздарға қосымша рух беріледі. Сол себепті мен Халық қаһарманының есімі ел есінде болғанына қуаныштымын.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Комитеттің төрағалары қол қойды. Бірақ көптеген кедергі болды. Барлық құжатты құзырлы органдармен ақылдаса отрырып, шекара қызметкерлерімен кездесу өткізіп, осы алға қойған мақсатқа жеттік. Оңай болған жоқ.