ТОП бейне

Мария Струве: Данэлия Тулешова – қалыптасқан әнші

Данэлия Тулешова Данэлия Тулешова

25 қарашада Минскіде өтетін «Junior Eurovision 2018» халықаралық байқауына қазақстандық бала әнші – Данэлия Тулешова ел намысын қорғайды. Байқау алдында ол вокалдан халықаралық деңгейдегі ұстаздардан дәріс алып жүр.

Жуырда Алматыға мәскеулік педагог Мария Струве келді. Ол жеке дауысты қалыптастыруда 30 жыл бойы еңбек етіп, өз тәсілін ойлап тапқан. Маманның айтуынша, жаттығудың жаңа әдісі жедел нәтиже береді. Әнші небәрі 5-10 секундтың ішінде дауысын өзгертіп, жақсарта алады.

Мария Струве, вокалдан жаттықтырушы /Ресей/:

- Данэлиямен кездескенімде ол нақты талап қойды. «Менің дауысым қысылып қалады, ойымдағы әуенді жеткізе алмаймын, сол себепті мен дауысымды өзім меңгергім келеді», – деді. Көп жұмыс істедік, діттеген нәтижеге қол жеткіздік. Қазір оның дауысы керемет Данэлияны қалыптасқан әнші деуге болады. Өз көзқарасы, өз ұстанымы бар. Меніңше, «Junior Eurovision 2018» байқауында жеңіске жетуге мүмкіндігі бар.