×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Әлемде

Идлиб провинциясындағы қарулы қақтығыстар Түркияға көші-қон ағынын тудырады

Идлиб провинциясындағы қарулы қақтығыстар Түркияға көші-қон ағынын тудырады ТВ Центр

Сирияның Идлиб провинциясындағы жиілеген қарулы қақтығыстар жаңа көші-қон ағынын тудырады.

Бұл туралы Түркияның Премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлімдеді.

Ол Астана процесі аясында Сирия дағдарысын реттеуші Ресей мен Иранды Идлибтегі шабуылды тоқтатуға шақырып отыр. Осыған дейін Түркияның сыртқы істер ведомствасы да кепілгер мемлекеттер ұрыс қимылдарын тоқтату режимін бірлесе күшейту қажеттігін атап өткен болатын.

Бұл мәселеге ресми Анкара үшін өте өзекті. Өйткені 2 миллионнан аса тұрғыны бар Идлибте жағдай ушығып кетсе, Түркияның оңтүстік өңіріне ағылатын мигранттар нөпіріне тосқауыл жасау қиындай түспек. Қазірдің өзінде түрік еліне бас сауғалаған сириялық босқын саны 3 миллионға жуықтапты.

«Идлибте шабуылдардың үдей түсуі жаңа көші-қон ағынына түрткі болғалы тұр. Жергілікті халық та  қайғы-қасірет шегеді. Миллиондаған адам тұратын жерде лаңкестік топтар мен қарапайым азаматтарды қалай айыра аласыз? Бұл шабуылдар бейбіт келіссөздердің бұзылуына әкеліп соғары анық. Сондықтан Ресей Федерациясы мен Иран Сирия үкіметі режиміне ескерту жасауға міндетті», – дейді  Түркия Республикасының премьер-министрі Бинали Йылдырым.

 

Last modified on