×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Этникалық қазақтардың оралуы еліміздің демографиялық ахуалына ықпал еткен

Этникалық қазақтардың оралуы еліміздің демографиялық ахуалына ықпал еткен

1999 жылы еліміздегі халық саны 14 млн 900 мың адам болған.

Ал бүгінде Қазақстандағы тұрғындар саны 18 млн 117 мыңнан асып отыр. Яғни елдегі демографиялық ахуал жылдан жылға жақсаруда. Әсіресе қазақ халқының үлесі артып келеді. Оған себеп – өзге елдердегі этникалық қазақтардың атажұртқа оралуы. Тәуелсіздік алған тұстан бастап бүгінге дейінгі кезеңді Елбасы «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде толық қамтыған.

...Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы халық санағы 1999 жылдың ақпанында жүргізілді. Халық санағы елде 14,9 миллион адам өмір сүретін және республика тұрғындарының ұлттық құрамының айтарлықтай өзгергенін көрсетті. 1989 жылғы кеңес кезіндегі соңғы санақ нәтижелерімен салыстырғанда, қазақтардың саны 1,5 миллионға дерлік артып, 7 миллион 985 мың адамға жетті (53 пайыздан астам). Бұған қазақ тұрғындардың табиғи өсімі, қазақ еместердің басқа елдерге көшуі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және өзге елдердегі қандастарымыздың отанына оралуы себеп болды. Республикадағы орыс халқының саны дәл сол кезеңде 1,5 миллион адамға азайып, 4 миллион 480 мың адам болды (30 пайыз)...

Last modified on