Қоғам

Атыраудағы ең соңғы балалар үйі жабылды

Атыраудағы ең соңғы балалар үйі жабылды

Оған дейін 2 балалар үйінде 400-ден астам бөбек тұрып келген.

Соңғы жылдары балалар көптеп асырап алынғандықтан, мұндай үйлер енді қажет емес. Балалар үйінің тәрбиеленушілері азамат болып, пәтер алып, кейінгі бауырларын қолдарына ала бастаған.

- Отбасы жылуын сезініп өскен бүлдіршін бақытты азамат болып қалыптасады, – дейді балалар үйінің басшылығы.

Сания Мусиева, балалар үйінің директоры:

- Біз туған ата-аналарына балаларын қайтаруға тырыстық. Себебі кейбір ата-ана өз құқығының сот арқылы қалпына келтіруге болатындығын білмейді. Сол себепті балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азайды.

Last modified on