×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

«Мәңгілік Ел» идеясы мектеп бағдарламасына енгізіледі

«Мәңгілік Ел» идеясы мектеп бағдарламасына енгізіледі ШҚО мемлекеттік мұрағаты

Алдағы оқу жылында бастауыш және 5-7 сынып оқушылары орыс тілі, әлемтану, музыка және тағы да басқа пәндер бойынша жаңа білім алады.

Балалар «Мәңгілік Ел» идеясы туралы айтылатын бейнематериалдар тамашалап, ашық сабақтар өткізіледі. Осы тақырыпта шығарма мен диктант жазады. Жоба кезең-кезеңімен енгізіледі. Білім және ғылым министрлігінің берген мәліметіне сәйкес, «Мәңгілік Ел» идеясы екі жылда барлық сыныптың бағдарламасына енгізіледі.

Стэлла Ибраева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент басшысы:

- Бұл сабақтар балалардың отансүйгіштігін арттырады, азаматтық жауапкершілікті ұялатады. «Мәңгілік Ел» идеясы үлкендерді сыйлауды, шығармашылықты құрметтеуді үйретеді. Болашақта бұл жұмыстар тек бастауыш мектеп бағдарламасына ғана емес, жоғары сыныптарға да енгізіледі.

Last modified on