×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Қарағандылық жеткіншектерге спорт кешені тарту етілді

Қарағандылық жеткіншектерге спорт кешені тарту етілді

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларға арналған бірегей алаң салынды. Спорт кешені тұрғын үйдің ауласында. Бұл «Киокушинкай каратэ» республикалық қоғамдық бірлестігі спортшыларының балаларға жасаған тартуы.

Бүгін бұл аулада тұратын жасөспірімдердің арманы орындалды. Енді олар үшін үйірмеге алысқа барудың қажеті жоқ. Қажетті спорттық кешен дәл үйдің ауласында. «Каратэмен айналысамын» дегендерге жабық спорт залы, ал футболды қалайтындарға сапалы гүлзар төселген ашық алаң салынды. Бүлдіршіндерге шағын ойын алаңы да қарастырылған. Бұл «Киокушинкай каратэ» республикалық мекемесінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қосқан үлесі. 

Думан Балтабай, «Киокушинкай каратэ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының өкілі:

-Бұл біздің алғашқы жобамыз болып саналады. Алдағы уақытта әр аулада осындай бір каратэ мектебі болса деп армандаймыз. Көп отбасы балаларын апара алмайды, ал мына кешен үйдің алдына шығып, каратэмен айналысып үйіне қайтады. Ата-аналары балаларын балконнан да қарап тұра алады.

Каратэ залында тағы да басқа үйірмелерді ашу көзделіп отыр. Жастарға  би үйірмесі, ал аға буынға сауықтыру йога сабақтары ұйымдастырылмақ. Кешеннің күтіміне аула балалары да атсалысуға дайын. Оның дәлелі: олар мұндағы қоқыстарды жинап, құбырларды бояды.

Серік Байжұманов, қала тұрғыны:

-Қуаныштымыз, ауламызға осындай жағдай жасап жатқандарына, балаларымыз әлі кішкентай, өсіп келеді. Әр аулада осындай алаң салынса балалар бұзақылыққа бармас, бәріміз қуаныштымыз.

Алаңның құрылысы толықтай қыркүйек айында аяқталады. Ал келер жылдың көктемінде қаланың тағы үш алаңында осындай спорт кешендері бой көтереді. 

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

Last modified on